Close Menu
«Ordos» ақпараттық порталы«Ordos» ақпараттық порталы
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Аймақтар
  • Әлем
  • Кәсіп
  • Технология
  • Спорт
Маңызды жаңалықтар

Статистика сөйлейді: Павлодарда аса ауыр қылмыстар саны бір жылда 71,7%-ға қысқарды

18.12.2025

«Салауатты ұрпақ» жобасы: спорт — өмір салты

31.10.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

24.02.2025
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
«Ordos» ақпараттық порталы«Ordos» ақпараттық порталы
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
  • Саясат

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

    24.02.2025

    ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

    24.02.2025
  • Экономика

    Қазақстанда Ұлттық қорды бақылау жөніндегі комиссия қайтадан жұмыс істей бастады

    24.02.2025
  • Қоғам

    2025 жылы қанша қазақстандық әскерге шақырылады

    24.02.2025

    Астанада жалған билетпен ұшпақ болған жолаушы ұсталды

    24.02.2025

    Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

    21.02.2025
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Аймақтар
  • Әлем
  • Технология
  • Спорт
«Ordos» ақпараттық порталы«Ordos» ақпараттық порталы
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Аймақтар
Жаңалықтар

Статистика сөйлейді: Павлодарда аса ауыр қылмыстар саны бір жылда 71,7%-ға қысқарды

18.12.20251 рет оқылды

Жалпы Павлодарда қылмыс деңгейі айтарлықтай азайып келеді. Бұл туралы қала әкімдігінде прокуратура және құқық қорғау органдары өкілдерінің қатысуымен өткен ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды.

Жиында өткен жылдың қорытындысы бойынша Павлодар қалалық полиция басқармасыныңбасшысы есеп берді. Оның мәліметінше, 11 айдың ішінде қылмыстық құқықбұзушылықтар бірқатар көрсеткіштер бойынша азайған. Атап айтқанда, жалпы қылмыстар саны 4,6%-ға, ал аса ауыр қылмыстар 71,7%-ға қысқарған.

— Сонымен қатар, денсаулыққа ауыр зиян келтіру фактілері – 10,2 пайызға, қарақшылық – 33,3пайызға, тонау – 38,3 пайызға, ұрлық – 18,2пайызға төмендеді. Оның ішінде, пәтер ұрлығы – 17,1 пайызға, ұялы телефон ұрлығы – 31 пайызға, қалта ұрлығы – 64,7 пайызға, ал кәмелетке толмағандардың жыныстық қол сұғылмаушылығына қарсы қылмыстар 40 пайызғаазайды, — деді Павлодар қалалық полиция басқармасының бастығы Мәлік Оңғарбаев.

Жиын барысында қылмыстардың басым бөлігі мас күйде жасалатыны да айтылды. Осыған байланысты спирттік ішімдіктерді заңсыз сату деректерін, әсіресе кәмелетке толмағандарға сатуды анықтау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді.

Өз кезегінде Павлодар қаласының прокуроры Ерлан Салханов қала аумағындағы иесіз ғимараттар мен пәтерлерге толық талдау жүргізуді ұсынды. Мұндай түгендеу құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті нысаналы түрде бақылауға мүмкіндік береді. Бұл жұмысқа қала әкімдігінің қызметкерлері мен учаскелік полиция инспекторлары тартылатын болады.

Қала әкімдігінде атап өткендей, 2024–2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасы аясында биыл 3 жылдық «Қауіпсіз қала» жобасы іске қосылды. Жоба Павлодар облысы аумағында шамамен 5 000 бейнебақылау камерасын және «Мерген» аппараттық-бағдарламалық кешендерін орнатуды көздейді.

Камераларды орнату жол қауіпсіздігін және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған. Жоба террористік тұрғыдан осал нысандарды, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарды қамтиды. Бұл өзге де ірілі-ұсақты қылмыстардың алдын алуға көмектеседі.

Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков 2026 жылға арналған құқықбұзушылықтардың алдын алу жоспарын бекітуді тапсырды. Атап айтқанда, қала тұрғындары арасында қылмыс жасаудың салдары туралы түсіндіру жұмыстарын күшейту көзделіп отыр.

Айта кету керек, алдағы мерекелерге байланысты Павлодар полицейлері күшейтілген қызмет режиміне көшті. Осы мақсатта жаяу патрульдер мен автопатрульдер саны арттырылды.

Бөлісу Facebook Twitter Telegram WhatsApp VKontakte LinkedIn Copy Link

Сәйкес жаңалықтар

«Салауатты ұрпақ» жобасы: спорт — өмір салты

31.10.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

24.02.2025

ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

24.02.2025
Соңғы жаңалықтар

Статистика сөйлейді: Павлодарда аса ауыр қылмыстар саны бір жылда 71,7%-ға қысқарды

18.12.2025

«Салауатты ұрпақ» жобасы: спорт — өмір салты

31.10.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

24.02.2025

ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

24.02.2025

Қазақстанда Ұлттық қорды бақылау жөніндегі комиссия қайтадан жұмыс істей бастады

24.02.2025
ORDOS
Портал туралы

«Ordos» ақпараттық порталы – еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Ordos.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Редакциямен байланыс

Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы, Нұркент ш/а, 5/6, 8-кеңсе
E-mail: ordos.kz@gmail.com
Тел.: +7 707 270 2102


Яндекс.Метрика




  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
© 2025. «Ordos» ақпараттық порталы

Қажет сөзді енгізіп, Enter батырмасын басыңыз. Артқа қайту үшін Esc басыңыз.