Close Menu
«Ordos» ақпараттық порталы«Ordos» ақпараттық порталы
  • Жаңалықтар
  • Саясат
  • Экономика
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Аймақтар
  • Әлем
  • Кәсіп
  • Технология
  • Спорт
Маңызды жаңалықтар

Статистика сөйлейді: Павлодарда аса ауыр қылмыстар саны бір жылда 71,7%-ға қысқарды

18.12.2025

«Салауатты ұрпақ» жобасы: спорт — өмір салты

31.10.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

24.02.2025
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
«Ordos» ақпараттық порталы«Ordos» ақпараттық порталы
Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
  • Саясат

    Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

    24.02.2025

    ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

    24.02.2025
  • Экономика

    Қазақстанда Ұлттық қорды бақылау жөніндегі комиссия қайтадан жұмыс істей бастады

    24.02.2025
  • Қоғам

    2025 жылы қанша қазақстандық әскерге шақырылады

    24.02.2025

    Астанада жалған билетпен ұшпақ болған жолаушы ұсталды

    24.02.2025

    Қазақстанда зейнетақы мен жалақы өседі

    21.02.2025
  • Мәдениет
  • Білім
  • Денсаулық
  • Аймақтар
  • Әлем
  • Технология
  • Спорт
«Ordos» ақпараттық порталы«Ordos» ақпараттық порталы
  • Қазақстан жаңалықтары
  • Әлем жаңалықтары
  • Аймақтар
Жаңалықтар

ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

24.02.202510 рет оқылды
ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді
ҚР Үкіметінің 2025 жылғы 20 ақпандағы қаулысымен ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді».

Ұлттық жоспар 30 іс-шарамен қамтылған, оның ішінде:

  • аймақтық;
  • ғылыми-практикалық;
  • ақпараттық-ағартушылық.

Мәселен, бекітілген іс-шаралар арасында:

  1. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы тақырыбына арналған мерейтойлық монеталар шығару
  2. Конституциялық заңдылықты қалыптастыруға және сақтауды қамтамасыз етуге, конституциялық құндылықтарды нығайтуға елеулі үлес қосқан азаматтарды салтанатты түрде наградтау
  3. Диалогтар, отырыс, конференциялар мен салтанатты қабылдау өткізу
  4. Мектеп жасындағы балаларға арналған онлайн викторина өткізу
  5. «Ата заң – тәуелсіз ел тұғыры» тақырыбында музейлер, қалалық және ауылдық кітапханалар базасында мектеп экскурсияларын, ашық сабақтар (мейкерспейс) өткізу (осы іс-шараның бірыңғай тұжырымдамасын алдын ала әзірлеу, бекіту, сондай-ақ орталық және жергілікті органдардың өкілдерін қатысуға шақыру)
  6. Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары бойынша конкурстар өткізу
  7. Құқықтық сауат ашу мақсатында мектептерде, ТжКБ мен жоғары оқу орындарында пайдалану үшін (архивтік мемлекеттік құжаттар, музей экспонаттары, мемлекеттік органдардың қызметі туралы ақпараттық материалдарды пайдалана отырып) Конституцияның тарихи, саяси, әлеуметтік және құқықтық аспектілері туралы виртуалды тур және 3D-экспозиция жасау
  8. Қазіргі Қазақстанның тәуелсіздігі мен мемлекеттілігін нығайтуға, ананы, әке мен баланы, еңбек ету мен білім алу құқықтарын қорғаудың конституциялық кепілдіктерін құрметтеуге арналған интерактивті көше акцияларын (заманауи суретшілердің, мүсіншілердің көрмелерін, мультимедиалық экрандарды) ұйымдастыру
  9. Азаматтық қоғам өкілдерінің қатысуымен «Ата Заңым – айбыным» және «Мен – Қазақстан азаматымын!» атты челлендж ұйымдастыру
  10. Жастар ұйымдарымен және университеттермен серіктестікте #ATAZAN_AZAMAT_KZ республикалық челленджін өткізу, Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке басын куәландыратын құжаттарды салтанатты түрде табыстау
  11. «Айбыны асқақ Ата Заң» музыкалық-патриоттық кеш өткізу.

Орталық және жергілікті атқарушы органдарға, ҚР Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдарға, сондай-ақ өзге де ұйымдарға тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей Ұлттық жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпаратты ҚР Конституциялық сотының аппаратына және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне ұсынуға нұсқау берілді.

Мәдениет және ақпарат министрлігі-2025 Іжылғы 30 шілдеге және 2026 жылғы 30 қаңтарға ҚР Президенті Әкімшілігіне Ұлттық Жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Дереккөз: Zakon.kz

Іс-шаралар Конституция Қазақстан
Бөлісу Facebook Twitter Telegram WhatsApp VKontakte LinkedIn Copy Link

Сәйкес жаңалықтар

Статистика сөйлейді: Павлодарда аса ауыр қылмыстар саны бір жылда 71,7%-ға қысқарды

18.12.2025

«Салауатты ұрпақ» жобасы: спорт — өмір салты

31.10.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

24.02.2025
Соңғы жаңалықтар

Статистика сөйлейді: Павлодарда аса ауыр қылмыстар саны бір жылда 71,7%-ға қысқарды

18.12.2025

«Салауатты ұрпақ» жобасы: спорт — өмір салты

31.10.2025

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің кейбір функциялары Қорғаныс министрлігіне берілді

24.02.2025

ҚР Конституциясының 30 жылдығына арналған ұлттық іс-шаралар жоспары бекітілді

24.02.2025

Қазақстанда Ұлттық қорды бақылау жөніндегі комиссия қайтадан жұмыс істей бастады

24.02.2025
ORDOS
Портал туралы

«Ordos» ақпараттық порталы – еліміздегі саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналған бірегей жоба.
Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде Ordos.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді.

Facebook Instagram YouTube TikTok Telegram
Редакциямен байланыс

Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы, Нұркент ш/а, 5/6, 8-кеңсе
E-mail: ordos.kz@gmail.com
Тел.: +7 707 270 2102


Яндекс.Метрика




  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс
© 2025. «Ordos» ақпараттық порталы

Қажет сөзді енгізіп, Enter батырмасын басыңыз. Артқа қайту үшін Esc басыңыз.